Талдықорғанда екі провизорлық орталық жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында эпидемологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты Талдықорған қаласындағы екі провизорлық орталық жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков провизорлық стационарларды кезең-кезеңмен консервациялау басталғанын айтты.

«Бүгіннен бастап Талдықорған қаласындағы әскери госпитальда ашылған провизорлық орталық жабылып, госпиталь қалыпты жұмысын бастады. Сонымен қатар, облыстық тері-венерологиялық диспансер де жоспарлы түрде науқастарды қабылдауға дайын»,- деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбелсейітұлының айтуынша, облыстағы стационарлар жүктемесінің төмендеуіне байланысты инфекциялық төсек саны 520-дан 490 орынға, провизорлық төсек саны 3560-тан 2541 орынға дейін қысқартылған.

Бүгінгі күні Алматы облысында ашылған провизорлық орталықтарда 1043 адам ем қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін 4048 адам жазылып шықты.


Соңғы жаңалықтар