Талдықорғанда газ баллоны жарылысынан күйіп қалған 4 адамның жағдайы өте ауыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, оқиғадан зардап шеккен төрт адамның жағдайы өте ауыр. 14 жасар баланың денесінің 98% күйіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан 4 науқастың жағдайы өте ауыр. 2006 жылғы баланың денесі 98%, 1972 жылы туған тұрғынның денесі 82%, 1973 жылғы науқастыкі 50% және 70 жастағы тұрғынның денесінің 55 пайызын күйік шалған», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Аубакирова.

Сондай-ақ ресми өкілдің мәліметінше, облыстық балалар ауруханасына 2010 және 2012 жыы туған науқастар жеткізілген. Олардың беті, мойны, денесі күйген. Жағдайлары бірқалыпты.

Сонымен қатар, облыстық ауруханада жатқан 1967 және 1969 жылы туған науқастар да газ баллонының жарылысынан зардап шеккен. Олардың жағдайы ауыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллон жарылып, 8 адамның зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар