Талдықорғанда қар жауды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда қар жауды. Ауа температурасы күрт төмендеп, қазір термометр бағамы -2 градусты көрсетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Алматы облысының орталығында сәуір айынан бері күн күрт жылып, айнала жасыл желекке айналған. Ауа-райының тосын мінезін күтпеген шаһар тұрғындары қарды қызықтап, түрлі бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Жалпы Қазгидромет мамандарының алдағы күндерге болжамы бойынша Талдықорғанда қар жаумайды.

Ал мамандар бүгінгі жауған қар сулы болғандықтан, тез еріп кетеді деп отыр.




Соңғы жаңалықтар