Талдықорғанда карантин шектеулеріне бірқатар өзгеріс енгізілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермек Асимқұлов карантин режиміне қатысты қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа қаулыға сәйкес, шаһарда жалпы білім беретін мектептердегі 5, 6, 7, 8 және 10 сыныптар үшін онлайн оқу ұзартылды. Мектепке баратын балалар немесе еңбек ұжымы арасында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың бір жағдайы тіркелген болса, инкубациялық кезеңнің соңына дейін білім ордасы карантинге жабылады.
«Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маска режимі сақталған жағдайда білім беру мекемелерінде, оның ішінде колледждер мен университеттерде қоғамдық тамақтану орындары қайта ашылады. Бірақ келушілер саны жалпы орынның 30%-нан аспауы тиіс. Балаларға арналған түзету және қосымша білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат берілді. Талап бойынша алдын ала жазылу жүргізіліп, әр топта 15 адамнан аспауы қажет», - делінген құжатта.
Сондай-ақ спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, қоғамдық моншалар мен сауналар қайта ашылды.
Жаңа қаулы 22 ақпанда сағат 7:00-ден бастап күшіне енеді.
- Израильде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру ережесі күшін жойды
- Коронавирус: Иорданияда вирус жұқтырғандар саны азая бастады
- Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты
- Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды
-
Коронавирус: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр
-
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам