Талдықорғанда қатты жел соғып, 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда күшті желден 59 жастағы тұрғынның үстіне ағаш құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1963 жылғы науқас 30 маусым күні сағат 16:31 шамасында ауруханаға түсті. Басынан жарақат алған, миы шалқалған. Науқастың жағдайы бірқалыпты болғандықтан тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда қатты жел соғып, аялдамада тұрған адамның үстіне ағаш құлаған.


Соңғы жаңалықтар