Талдықорғанда он күннің ішінде 44 адам індет жұқтырған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда соңғы он күннің ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті. Сондай-ақ індет бұған дейін тіркелмеген Қаратал, Көксу аудандарынан да шықты. Бұл - Талдықорғанның маңындағы елдімекендер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам тіркелді. Вирус Талдықорған қаласы бойынша - 9 адамнан, Қаратал ауданында - 2, Қапшағай қаласында екі және бір-бір жағдайдан Көксу, Ескелді, Еңбекшіқазақ аудандарында анықталды.

Науқастардың басым бөлігі коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. Сондай-ақ, індет 7 адамнан вирусқа тексерілу кезінде анықталды.

Барлығы оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Науқастармен байланыста болған 88 адам оқшауланды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары қолға алынған.

Жалпы Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 278 адам тіркелген. Оның 159-ы коронавирустан жазылып шықты.

Айта кетейік, Талдықорғанда коронавирустың алғашқы жағдайы 14 мамырда тіркелді. Ол кезде індетті жұқтырған полицейдің 150-ден аса адаммен байланыста болғанын, оның 85-і өзінің әріптестері яғни, тәртіп сақшылары екенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар