Талдықорғанда «Ортақ Абай» атты көркем сөз оқу байқауы өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ортақ Абай» атты көркем сөз оқудың облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың ерекшелігі ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін өңірде тұратын өзге этнос өкілдері жатқа оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы мұрындық болған шараға 17 аудан, 3 қаладан 31 үміткер келді. Орыс, украин, кәріс, ұйғыр және неміс этносының өкілдері ғұламаның өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін оқыды.

Байқаудың басты мақсаты қазақ классиктерінің шығармалары арқылы қатысушылардың қазақ тіліне сүйіспеншілігін арттырып, жылдам үйреніп кетуіне ықпал ету. Жастарға дана Абайдың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, мағыналы өлеңдерінің түп мақсатын түсіндіру.

Екі күнге созылған додада 3-ші орынды талдықорғандық Маргарита Нагаева еншілесе, 2-ші орынға Іле ауданынан Анжела Крылова қанжығалады. 1-ші орын Ескелді ауданынан келген Екатерина Подгорноваға бұйырып, Ұйғыр ауданынан келген Зульфира Маимелиева байқаудың бас жүлдесіне ие болды. 10-сынып оқушысы Абайдың 40-тан астам өлеңі мен он шақты қара сөзін жатқа біледі.


Соңғы жаңалықтар