Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері қылмыстық топ құру күдігіне ілікті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олар Талғар ауданының Панфилов селолық округы Қызыл Ту ауылының маңындағы санитарлық қорғау және су қорғау аймағында орналасқан жер телімдерін ақшаға сату арқылы материалдық пайда тапқыыс келген. Осы мақсатта жеке меншікке және жалға заңсыз беруге бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау күдігіне ілікті. Күдіктілердің кінә деңгейіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді Данияр Биғайдаров.


Соңғы жаңалықтар