Талғар ауданында өрттен үйсіз қалған 34 адам үшін жаңа баспана салынады - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Төңкеріс ауылында өрттен зардап шеккендерге жаңа үй салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов мәлімдеді.

Өртенген пәтерлермен бірге өрттен аман қалған баспана да түгел сүрілетін болды. Мамандар болашақ құрылыстың жобасын жасауға кірісіп кетті.

«Қаржы көлемі қажетті құрылыс материалдары есептеліп болған соң белгілі болады», - делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылында 8 пәтерлі үй өртеніп, 34 адам үйсіз қалған болатын.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, үйдің өртенуіне электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болған.


Соңғы жаңалықтар