Талғарда 20 көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
ТАЛҒАР. ҚазАқпарат – Бүгін Талғар аудандағы 20 көпбалалы отбасына тұрғын үй кілттері тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Обылыста тұрғын үйге мұқтаж, тұрмысы төмен 20 көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету үшін 243,9 млн теңге қаражат бөлінген. Осы мақсатта кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 20 тұрғын үй сатып алынған. Жаңа баспаналар Талғар ауданының Талғар қаласы мен Талдыбұлақ, Кеңдала, Рысқулов ауылдарында орналасқан. Жалпы ауданы – 58,1 шаршы метрден 120,0 шаршы метрді құрайды. Сатып алынған тұрғын үйлердің – 4-і көпқабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерлер, 16-сы жер үйлер.

Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа қоныс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кезекте тұрған тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілді.





Соңғы жаңалықтар