Талғат Қалиев бейбіт жиындар туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Қалиев «ҚР-да бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы туралы сөз қозғайтын болсақ, мен белгілі бір дәрежеде аралас жүйемен келісемін. Себебі мыңдаған адам ұйымдастырушылардың қадағалауына көнбей кете ме деп қорқамын. Бірақ айналып келгенде неліктен тек 250 азамат болуы тиіс? Оларды кім санайды? Олар үшін кім жауапты болады? Сонымен қатар дайын заң тұрғанда журналистің мәртебесін айқындаудың қажеті қанша?» - дейді Талғат Қалиев елордада заң жобасының тұжырымын талқылау барысында.

Талғат Қалиев өз сөзінде Мемлекет басшысының рұқсат беру жүйесінен ескерту тәртібіне өту туралы тапсырмасын еске салып өтті.

«Мені шынында да келешек алаңдатады. Бірақ біздің халық сауатты әрі саяси тұрғыда кемел деген пікірге сенемін», - деді ол.

Еске сала кетсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасының тұжырымын таныстырған болатын.


Соңғы жаңалықтар