Талғат Уәли: ШҚО-дағы өртке қатысты Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция Риддердегі өртке қатысты күдіктіні ұстады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе ТЖМ құзырына кірмейді. Біздің білуімізше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша далада от жаққан. Толық ақпаратты Ішкі істер министрлігінен біле аласыздар»– деді Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне.

Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берді .


Соңғы жаңалықтар