Тәліптерден қашқан бір топ ауғанстандық Тәжікстан шекарасынан өтіп кетті

None
None
ДУШАНБЕ. ХОВАР-ҚазАқпарат – Кеше Ауғанстанның Бадахшан провинциясына қарасты Андемин қыстағының 77 тұрғыны (соның арасында 26 ер адам, 20 әйел және 31 бала) тәлібтер тарапынан төніп тұрған қауіп себебімен Тәжікстан Республикасының аумағына өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Тәжікстанның Ховар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан Республикасы шекарашылары ізгілік пен тату көршілік принциптерін басшылыққа ала отырып, ауған босқындарына/Тәжікстан Республикасының аумағына өтуіне рұқсат берді.

Қазіргі кезде босқындар ТР Мургаб ауданындағы Кизил-Работ ауылдық джамоатының Андемин және Чештеба учаскелері аумағына орналастырылды. Босқындар өздерімен бірге малын (1000 бас қой-ешкі, 300 қодас, 3 түйе және 30 жылқы) айдап әкелген.

«Аталған шекара учаскелеріндегі жағдай Тәжікстан Республикасы шекарашыларының бақылауында», - делінген Тәжікстан Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығы таратқан мәлімдемеде.

Еске салсақ, Ауғанстандағы жағдай күрделеніп Ауғанстанның қарулы әскерилері Өзбекстан мен Тәжікстан аумағына өтіп кеткен еді. «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы көптеген жерлерді басып алды.

Сондай-ақ, Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін 20 мың сарбазды әскерге шақырмақ.


Соңғы жаңалықтар