Тамыз айында Алматыда КВИ таралуы шарықтау шегіне жете ме

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін алдағы үш айға арналған коронавирус болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Негізгі болжамға сәйкес, аурудың шыңы тамыздың бірінші онкүндігінде болады, күніне 1600-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі.

Пессимистік болжамға сәйкес, аурудың шарықтау шегі 10-11 тамызға келеді, тәулігіне 1900-ге дейін жаңа жағдай тіркеледі.

Тамыз айында - 34 500 жағдай, ал 2021 жылдың қыркүйегінде 4 500 жағдай тіркеліп, ауру көрсеткіші төмендейді деп болжанып отыр.

«7 мың инфекциялық төсек-орын дайындалды. Резервте қосымша 3000 төсек-орын бар. Қиын жағдай үшін тағы 2000 резервтік төсек-орын іздестірілуде. Сонымен қатар балалар мен ересектерге, соның ішінде онкологиялық тұрғындарға жедел және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін барлық мамандандырылған клиникалар сақталған. 6 400 төсек-орын бар», – деді Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша, 27 шілдедегі жағдай бойынша стационарларда 3 827 науқас жатыр, оның 239-ы - балалар.

Өте ауыр жағдайдағы науқастар – 114. Ауыр жағдайдағы науқастар – 956. Инфекциялық стационарларда 500 реанимациялық төсек-орын бар.

Жұмыс жүктемесі –52% (260 пациент). Өкпені жасанды желдетуге 29 пациент қосылған.

Өкпені инвазивті емес желдетуде – 105 науқас және High Flo-да – 99 пациент.

«Штаммдар агрессивті әсер етуде, соның салдарынан өлім саны артуда. Барлық кезеңде қайтыс болғандар саны – 1092. Биыл 1 қаңтар мен 26 шілде аралығында 703 адам қайтыс болды. КВИ-мен күреске 6 212 медицина қызметкері жұмылдырылды. Резервте 1700-ден астам адам бар. Бұл жұмыс бақылауға алынған», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.


Соңғы жаңалықтар