Тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан: Ақтөбеде компьютер клубы тоналды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тапаншаға ұқсас затпен кассирді қорқытып, компьютер клубына қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы компьютерлік клубтың бірінде жұмыс істейтін кассир көмек сұрап, полицияға хабарласқан. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз біреу клубқа келіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Кассадан 200 мың теңге ақшаны алып кеткен.

«Жедел іздестіру кезінде Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар