Тараз бірнеше мемлекеттің орталығы болғанын көпшілік біле бермейді- әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында туризм саласына инвестиция тарту бойынша аймақтық карта бекітілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық картаға 33 туристік нысан енгізіліп, 12 туристік бағыт айқындалады.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткен кезде екі ханға қойылған ескерткіш қазақ хандығының тақырыбын ашпайды. Осы тақырыпты кеңінен ашу үшін сол ескерткіштің артқы жағынан қазақ тарихын ауқымды, жүйелі көрсететін арнайы орын керек. Мүмкін ол мұражай немесе басқа кешен. Қазір ол жағы жобалануда», - дейді Асқар Мырзахметов.

Оның айтуынша, болашақта туризмды дамытатын нысандар салынады.

«Оның бірі – «Тарих тану орталығы», екіншісі «Шахристан» этномәдени кешені. Ол жерде жиырма ғасырлық тарихымыз тасқа жазылады. Тараз - бірнеше мемлекеттің орталығы болғанын екінің бірі біле бермейді. Ашылатын нысандардың бәрі туризм саласын дамытуға ықпал етеді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар