+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Таразда алаяқ әйел жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын алтын бұйымдарын алдап алған

2021 жылғы 22 қазан 09:18
Бөлісіңіз:
Таразда алаяқ әйел жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын алтын бұйымдарын алдап алған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында полицейлер жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын әшекейлік бұйымдарын алдап, алып кеткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Демалыс базасында үйді жалға беремін»: ШҚО-да талайды алдаған алаяқ ұсталды

Тараз қаласының полициясына Жамбыл ауданының тұрғыны, 42 жастағы әйел хабарласып, өзінің алтын бұйымдарын сатпақ болған. Оған бейтаныс әйел хабарласып, алтындарын тиімді бағамен сатып беретінін қан. Алайда ол алтынды алып, ақшасын сол бойы бермеген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 31 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, күдікті кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда. Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген»,-делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT