Таразда анасымен ұрсып қалған жасөспірім қыз үйінен қашып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда жоғалған жасөпірім қызды Жамбыл гарнизонының бүкіл жеке құрамы іздеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған.

«Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы іздеді. Ол баруы мүмкін жерлердің бәрі түгел қаралып, тексерілді. Анасының айтуынша, баланың психологиялық бұзылысы бар, яғни «ақылы аздап кеміс». Полицейлер жасөспірімді табу үшін жақын маңдағы көшелерді аралап, оны көруі мүмкін куәгерлерден жауап алды. Бірнеше сағаттан кейін қыз табылды» деп мәлім етті ведомстводан.

Кейін анықталғандай, жасөспірім түзеу класында білім алады. Кешкісін анасымен ұрсып қалғаннан кейін ол мектепке кеткен. Алайда мектепке келгенде онда ешкім болмаған.

Қыз білім ошағының жанындағы орындықта отырғанда тәртіп сақшыларының көзіне түскен.

«Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Балаға ешкім зәбір көрсетпеген» деп толықтырды департаменттен.


Соңғы жаңалықтар