Таразда қоғамдық көлікте жүру құны 20 теңгеге қымбаттады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №1547 қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап Тараз қаласында қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде барлық жолаушылар үшін – 85 (сексен бес) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 40 (қырық) теңге болып белгіленді» делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кету керек, бұған дейін шаһардағы қоғамдық көліктерде электрондық жол жүру картасы арқылы төлем құны – 65 теңге болып келген.

Сондай-ақ, хабарламада қолма-қол ақшамен төлеу тарифінің көлемі барлық жолаушылар үшін – 130 теңге, мектеп оқушыларына – 65 теңге көлемінде өзгеріссіз қалатындығы айтылған.


Соңғы жаңалықтар