Таразда көпбалалы аналарға тегін маскалар таратылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық маскалар таратылмақ, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен короновирус індетінің алдын алу мақсатында 4 мыңға жуық медициналық бетперде дайындалуда. Ол маскалар бірнеше рет қолдануға жарамды. Бетперделерді қаладағы тігін шеберханалардың иелері мен тігінші қыз-келіншектер ақысыз түрде дайындап жатыр.

«Тараздағы тігін шеберханаларында тігіліп жатқан медициналық бетперделер көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады. Бұл бастаманы Жуалы ауданының қыз-келіншектері де қолдап, өздері де арнайы маска тігуде», - дейді Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова.

Соңғы жаңалықтар