+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Таразда мектеп дәретханасында жасөспірім қызды зорлау оқиғасына қатысты сот басталды

2020 жылғы 14 қаңтар 02:40
Бөлісіңіз:
Таразда мектеп дәретханасында жасөспірім қызды зорлау оқиғасына қатысты сот басталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы Жамбыл облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта мектепте болған шулы оқиғаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 13 жасар оқушыны зорлаған күдікті ұсталды 13 жасар өгей қызын зорлап келген атыраулық сотталды Ақтөбеде қызға зорлық көрсеткен күдікті оқиға орнында ұсталды

Еске сала кетсек, былтыр 15 қараша күні Тараз қаласының 102 пультіне жедел жәрдем қызметінен жасөспірім қыздың зорланғаны туралы хабарлама түседі. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілді. Көп ұзамай ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Қайғылы оқиға мектептің дәретханасында болған. Зорлық жасаған күдіктіні ұстауға мектептің аумағында орналасқан камералар көмектескен.

Сотталушы – 38 жастағы облыс орталығының тұрғыны. Үйленбеген, бұған дейін осы тектес қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ол қылмысты жасағанын толық мойындады. Оған 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Сот жапа шегушінің жас ерекшелігін ескере отырып жабық режімде өтетін болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT