Таразда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне» орай дене мүмкіндігі шектеулі тұрғындар арасында спартакиада өтті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған шара Тараз қаласының Орталық стадионында өтті. Онда қатысушылар 4 спорт түрінен сынға түсті. Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі жандар дойбы, дартс, қол күресі және жеңіл атлетикадан ең мықтыны анықтады.

Аталмыш спартакиадаға 200-ден астам адам қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар