+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Таразда Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шара өтті

2019 жылғы 13 желтоқсан 18:54
Бөлісіңіз:
Таразда Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шара өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында өндіріс көлемі 6,5 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестиция 15 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткен салтанатты шарада облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сан-Франциско биылғы 16 желтоқсанды Қазақстан-Америка достығы күні деп жариялады 28 жылда Қазақстанға қанша инвестиция тартылды Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды

Тәуелсіздіктің 28 жылғы тарихында елімізбен бірге Жамбыл өңірі де өсіп, өркендеу мен жаңғырып, жаңаруды бастан кешті. Аймақ басшысы салтанатты шарада баяндама жасап, Тәуелсіздік тағылымына тоқталып, бағасын бағалай білудің маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ, аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар барысын тілге тиек етті.

«Бүгінде Жамбыл облысы серпінді даму жолына түсті деп айтуға болады. Биыл облыстың аралық экономикалық өсімі 5 пайыздан асады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 15 пайызға артты. Бұл ретте жеке инвестициялардың үлесі 20 пайызға артты «, - деді Асқар Мырзахметов.

Өңірде, «Еңбек» бағдарламасына 36 мың адам қатысып, 27 мың адам жұмыспен қамтылған. 18 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11,5 мыңы тұрақты.

«Білім беру саласында 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 пайызға жетті. Сондай-ақ, ауыл халқын алғашқы медициналық көмек нысандарымен 100 пайыз қамту, биыл 65 медициналық мекеме салу нәтижесінде болып отыр. Жамбылдықтардың әл-ауқатын жақсартуға мемлекеттік және салалық бағдарламалар бағытталған», - деді Асқар Мырзахметов.

Шара барысында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталған бірқатар азаматтарға марапаттары табысталды.

Атап айтсақ, «Құрмет» орденіне ие болғандар қатарында жазушы, «Жамбыл» журналының бас редакторы Несіпбек Дәутаев, «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалының (ЖЖФЗ) бас инженерінің орынбасары Александр Малыш, ақын, еңбек ардагері Шырын Мамасерікова, облыс әкімінің аппаратының басшысы Рүстем Дәулет, «Таразэнергоорталық» АК басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов, Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова, облысы әкімдігінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров, облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева бар.

Ал, «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауытының №1 цехының слесарь-жөндеушісі Жексен Әкіжанов пен «Жамбыл электр жүйесі» филиалының Красногор тарату электр жүйесі электослесарі Эдуард Штарк III-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл награданы Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының өз қолынан алғандар арасында Тараз қаласының тұрғыны «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалдау» АҚ «Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшесі» Жамбыл пайдалану локомотив депосы вагон қараушы-жөндеушісі Николай Хомутенко да бар екенін айтып өту керек.

Сондай-ақ, Тараз қаласының тұрғыны «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амир Халиков ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Бақыт Шағырбаев «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталған.

Жиында өзге де бірқатар азаматтарға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарі, ҚР-ның «Қүрмет» грамоталары, ҚР Президентінің Алғыс хаты және «Барыс» төсбелгісі табысталды. Шара соңы жергілікті өнерпаздардың конуерттік бағдарламасына ұласты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT