Таразда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналға халықаралық конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Д.Абаев, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, елімізден және Қырғызстан Республикасынан белгілі жазушы, ғалымдар, жамбылтанушылар, депутаттар мен ақын ұрпақтары қатысуда.

Іс-шара аясында ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойылады, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған тақырыптық көрме өткізіледі, ақын шығармашылығына арналған «Өлең сөздің дүлдүлі» атты фильм таныстырылады.

Сонымен қатар, конференцияда «Жамбыл жырау» атты кітабының тұсаукесері өтеді.


Соңғы жаңалықтар