+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Таразда жастар арасындағы қылмыспен күрес мәселесі қаралды

2021 жылғы 22 сәуір 18:09
Бөлісіңіз:
Таразда жастар арасындағы қылмыспен күрес мәселесі қаралды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының прокуроры Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жастар арасында қылмыстың алдын алудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат прокуратураға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған екі ер адам ұсталды Алматыда қымбат көліктерді ұрлағандар ұсталды Алматы полициясы қара топырақты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

Кеңеске полиция департаментінің бастығы Ж.Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Д. Кәрібек, жоғары оқу орнының ректоры Е. Әмірбеков, уәкілетті органдардың, сондай-ақ ата-аналар комитеттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу саласында, консультативтік кеңес шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалып, негізгі проблемалық мәселелер анықталды.

Облыс прокуроры кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың өсуі, жастар топтарының қатысуымен жасалған қылмыс фактілері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының уәкілетті органдармен және оқу орындарымен өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі туралы атап өтті.

Қылмыстар жасалған жағдайда жедел ден қою және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша бекітілген Алгоритм шеңберінде мобильді топтардың жұмысындағы тәсілдер мақұлданды.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың осы бағыттағы жұмысын күшейту, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның рөлін күшейту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT