+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Таразда зорланған 7-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды

2019 жылғы 19 қараша 23:20
Бөлісіңіз:
Таразда зорланған 7-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда азғыннан зардап шеккен оқушы қыз ауруханаға жатқызылды. Ел арасында тараған жәбірленушіге күдіктіден инфекциялық ауру жұқты деген ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсу қаласында 21 жастағы қыз суға батып кетті Оралда екі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді Өскеменде пәтердегі газ қопарылысынан бір адам зардап шекті

Бұған дейін Тараздағы №6 мектептің 7 сынып оқушысының аталған білім ордасының әжетханасында зорланғандығы, күдіктінің қолға түскендігі, оған жауапты басшылардың жұмыстан қуылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Бұған дейін үй жағдайында емделген азғыннан азап шеккен жеткіншек бүгін ауруханаға жатқызылды. Ал, әлеуметтік желілерде оған азғындық жасаған азаматтан тері ауруы жұқты деген ақпаратты денсаулық басқармасы жоққа шығарды.

«Оқушы облыстық балалар ауруханасында 10 күндей жатады. Жағдайы қазір жақсы және бірқалыпты. Ал, оған азғындық жасаған адамнан ауру жұқты деген ақпарат шындыққа жанаспайды»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева.

Ал, күдікті енді 30 жылға жуық өмірін темір торда өткізуі мүмкін. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев хабарлады.

Оның айтуынша, аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысы үшін сотты болған. 4 жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жылды шартты түрде өтеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT