Тараздағы дауыл: Шатырын жөндемек болған 17 жасар жігіт қаза тапты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында қатты жел салдарынан 17 жасар жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай Полатқосшы ауылдық округі, Жалпақтөбе ауылында болған.

Ауыл тұрғыны желден ұшқан шатырын жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Биылғы жылдың 17 қараша күні сағат 17:30 шамасында Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, 2004 жылы туылған кәмелет жасқа толмаған Адильжанов Динмухамат Харсанович қатты желден ұшқан шатырын жөндемек болып, шатырдан құлаған. Ол алған дене жарақатынан қайтыс болды»,-делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Жалпақтөбе ауылында қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Оқиғаға қатысты ешқандай шиеленістер болған жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысында қатты дауыл соғып, салдарынан Тараз қаласында нысандардың жартысынан көбі электр жарығынан ажыратылды, электр тасымалдау желілері істен шықты, көптеген ғимараттың шатыры жұлынып, ағаштар құлады, автомобильдер бүлінді.

Дауыл салдарынан қазіргі уақытта бірқатар аудан жарықсыз және көгілдір отынсыз қалды.

Осы уақытқа дейін қарлы боранда жолда қалып қойған 26 адам құтқарылды.




Соңғы жаңалықтар