+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Тараздағы үлкен тойхана азық-түлік дүкеніне айналды

2020 жылғы 21 қараша 09:42
Бөлісіңіз:
Тараздағы үлкен тойхана азық-түлік дүкеніне айналды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Аяулым» мейрамханасының орнынан «Дәмді себет» сауда орталығы ашылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«JETI QAZYNA» монеталарын қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлер айыппұл төлейді – Ұлттық банк KASE: Доллар арзандап, теңге нығайды Ерболат Досаев: Инфляция 4-6 пайыз дәлізіне оралады

Жұмысын енді ғана бастаған сауда орталығына келушілердің қарасы қалың. Ондағы азық-түлік бағасы да нарық бағасынан төмендеу екені байқалады.

Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, қазіргі таңдағы пандемиялық ахуалға байланысты мейрамханалар мен ресторан бизнесі тоқтап тұр. Бұл көптеген кәсіпкерлерді табысынан қаққаны жасырын емес.

«Олардың банктер алдында берешектерінің барын ескеріп, одан шығу жолдарын ұсынудамыз. Мәселен, Тараз қаласында мұндай 67 мейрамхана бар екен. Өз ғимаратын «Дәмді себет» сауда орталығын жасауға жалға беріп отырған бірден-бір мейрамхана – «Аяулым». Ол бұрын тойхана, бір жағы ресторан еді. Енді азық-түлік дүкеніне айналды. Бұл – Тараз қаласында ғана жалғасып жатқан іс-шара емес, Қазақстан бойынша қолға алынған бастама», – деді басқарма басшысы.

Аталған сауда орталығы операция залының директоры Шолпан Олжабекқызы мұнда 5 мың тауар түрі өткерілетінін жеткізді. Сонымен қатар, екі аптада бір рет бір затқа бір зат қосып беру акциясын өткізу жоспарлауда. Кейбір азық-түлік бағалары 10-30 пайызға жеңілдетілген. Жалпы сөрелерге қойылған өнімнің басым бөлігін отандық тауарлар құрайды. Сондай-ақ мұнда сауда желісінің өз наубайханасы, торт пісіру цехтарының өнімдері де саудаланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT