Тараздық экономист мамандығын ауыстырып, бүркіт баптап жүр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Аушы құстарды баптайтын жамбылдық аңшылар республикалық және халықаралық жарыстардағы жетістіктерімен танымал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысының жабайы табиғатында бүгінде көптеген қауырсынды жыртқыштар, оның ішінде сұңқарлар, ителгілер, бүркіттер, құмайлар кездеседі. Жамбыл облысындағы аушы құстармен аң аулау тарихы бір жарым мың жылға созылады. Археологтардың жеті жыл бұрын Тараз маңында қазылған Жетітөбе сақ қорғандарынан табылған қорымдар осыған дәлел. Тарихшылардың айтуынша, шамамен 14 ғасыр бұрын аушы құстар сол жерде патша-билеушілердің жанына жерленген. Шынында да, ежелгі уақытта аушы құстармен аң аулау патшаның сүйікті ойын-сауығы болған.

Қазіргі уақытта саятшылық - жалпыға қолжетімді кәсіп. Коммерциялық сипатқа да ие емес, көптеген адамдарды қызықтыратын спорттық көрініске айналды. Саятшылық чемпионаты Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының ипподромында тұрақты түрде өткізіледі. Ал бүгінде кез келген азамат аушы құстармен аң аулай алады.

Сондай азаматтардың бірі - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тумасы Данияр Нарбек. Ол 2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» факультетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Кейін ол дәстүрлі аңшылықпен, жыртқыш құстарды, тазы иттерді аулаумен және садақ атумен кәсіби түрде айналысып, өмірін күрт өзгерткен.

Данияр құс аулаумен он жасынан бастап айналысқан. Бүгінде ол құс салу бойынша балаларды үйретіп, спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Жыл сайын Қазақстанда бүркітшілердің жаңа орталықтары мен мектептері ашылады, бұл спорт түрі біздің елімізде қарқынды түрде дамуда. Бүркітшілер еліміздің көптеген спорт мектептерінде дайындалады. Болашақта аң аулаудың ежелгі түрлерінің бірі - қазақтың саятшылық спортына халықаралық мәртебе беру де жоспарланып отыр.

Данияр ғаламтордан, кітаптан құсбегілік туралы көп оқыған. Кейін Қазақстандағы бүркітшілерді іздеп, олардан осы сала туралы біраз сұрастырып, тәжірибе жинақтаған. Бүгінде елімізде жүздеген бүркітшілер мен құсбегілер бар.

Айта кету керек, Қазақстанның биосаналуандықты сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстан құстарын сақтау одағымен бірлесіп, «Жыл құсы-2020» нышаны ретінде ителгіні таңдады. Бұл – сұңқар тұқымдас сирек кездесетін жыртқыш құс, бүкіл Қазақстан аумағында бар.

Араб елдеріне сату үшін браконьерлердің оларды көп аулады. Салдарынан 90-шы жылдардың ортасында ителгі саны күрт азайып кетті. Қазір сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда осы құстардың бірнеше жүздеген тұқымдық жұптары бар.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар