ТАРМПУ-лық 100 студентке арнайы шәкіртақы тағайындалатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде 100 студентке арнайы шәкіртақы тағайындалады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің EDU NEWS Telegram парақшасында жазылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде студент-педагогтарды ынталандырудың жаңа жүйесі ретінде 100 студентке олардың мәртебесіне қарамастан (грант алушы немесе келісімшарт негізінде) айына 10 АЕК мөлшерінде арнайы шәкіртақы тағайындау белгіленді», - делінген хабарламада.

Егер студенттің GPA деңгейі жоғары болса, қоғамдық өмірге белсенді араласса және мұғалім болуға ықыласы мен ұмтылысы зор болса, онда әрбір студенттің жоғарыда аталған шәкіртақыны иеленуіне толық мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар