Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнес нысандардың бәрі салықтан босатыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар трагедиясы кезінде зардап шеккен ірі бизнес субьектілері де салық жеңілдіктеріне өтініш бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Әдіснама департаментінің директоры Әлия Жетібаева рталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Бүгінде 2023 жылға дейін бүкіл микро және шағын бизнес нысандары салықтан босатылған. Ал ірі субьектілер салық төлемдерін кейінге қалдырғысы келсе, Мемлекеттік кірістер комитетіне келіп, өтініш жаза алады. Салық кодексі бойынша, кез келген бизнес нысанында осындай мүмкіндік бар. Ал зардап шеккендерге Үкіметтік комиссия мен «Атамекен» палатасының, әкімдіктердің тізімі бар. Сол тізімдегілер де салық төлемдерін шегерткісі келсе, арыз жаза алады», - деді департамент директоры.

Ал Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовтың айтуынша, төтенше жағдай режимі кезінде бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу берілетін төлемге салық салынбемлекеттік кірістер комитеті бұл мәселені қазір Ұлттық экономика министрлігінің алаңында пысықтауда. Алдағы айда аталған министрлік Салық кодексіне зардап шеккен бизнес субъектілері мен халықты қолдауға бағытталған бірқатар түзетулер ұсынады», -деді комитеті басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар