Ташкент облысында 18 мектеп карантинге жабылды

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Ташкент облысындағы 18 жалпы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары арасында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары анықталғандықтан, мектепдегі оқу процесі онлайнды жүйеге ауысты. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық әкімшілік ақпарат қызметінің хабарлауынша, Орта Шыршық ауданындағы 3, 54 мектептер, Бөке ауданындағы 2 орта мектеп, Шыршық қаласындағы 8, 9 орта мектеп, Піскент ауданындағы 36, Паркент ауданындағы 22,51, Ташкент ауданындағы 9, 12, 17, 18, Алмалықтағы 17 және Нұрафшан қаласындағы 1 мектептерде білім беру бағдарламасы алдағы уақытта онлайн режимінде жалғасады.

Сондай-ақ, Орта Шыршық ауданындағы 50 орта мектептің 3 сыныбы, Бөке ауданындағы 6 мектептің 8 сыныбы және Заңгіата ауданындағы 15 орта мектебінің 1 сыныбы, 34 орта мектебінің 3 сыныбы карантинге жабылды.


Соңғы жаңалықтар