Ташкентте Елбасының қатысуымен Екінші консультативтік кездесу өтіп жатыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультативтік кездесуі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Келіссөзге Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр. Орталық Азия елдері көшбасшыларының консультативтік кездесуін Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеев ашты.

«Бүгін біз өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азиядағы серіктестікті кеңейтуге бағытталған басым шаралар туралы келісуіміз керек. Құрметті әріптестер, біздің елдеріміздің сыртқы істер министрлерімен келісілген кездесудің күн тәртібін қарастыруды ұсынамын. Оған аймақтық саясат, сауда-экономика, инвестиция, көлік-коммуникация салаларындағы ынтымақтастық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық тәжірибе алмасулар, сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірді. Біз реттеме мен бірлескен мәлімдемені қабылдап, келесі Консультативтік кездесудің орны мен уақытын анықтауымыз керек», - деп атап өтті Өзбекстан Республикасының президенті.

Еске салайық, кеше ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Орталық Азия мемлекет басшылары екінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкентке іс-сапармен барды.

Алғашқы Консультативтік кездесу 2018 жылы Нұр-Сұлтанда өтті.

Автор: Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар