Ташкентте гимнастика сарайы коронавирус науқастарын емдейтін госпитальге айналады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте спорт сарайының ішінен коронавирусқа күдіктілерді жатқызатын госпиталь ашылады, деп хабарлайды ӨзА.

Ташкент қаласы «Юнусадаб» ауданындағы гимнастика сарайында коронавирусқа шалдыққандар арасында күдіктілерді емдеу үшін 750 төсек-орын әзірленіп жатыр.

Қазіргі уақытта мұнда науқастар үшін төсек-орын дайындалып, оларды емдеуге және індеттің алдын алуға қажетті жағдай жасалуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталыққа СИПАП аппараттары мен 250 оттегі баллоны жеткізіледі. Осы нысанның өзінде медицина мамандары қонып жұмыс істеуі үшін жатын орын жасалған.

Айта кетейік, бұған дейін қаладағы «Экспо» орталықта коронавирусқа шалдыққандар арасында күдіктілерді емдеуге арналған 500-ге жуық төсек-орын дайындалған еді.


Соңғы жаңалықтар