ТАТМЕДИА басшысы дәстүрлі БАҚ-тың алдындағы басты сын-тегеуріндерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ТАТМЕДИА» АҚ бас директоры Шәміл Садықов дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары бетпе-бет келіп отырған басты сын-тегеуріндерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде 43 аудан мен 15-ке тарта қала бар. Әрбір аудан орталығында біздің филиал жұмыс істеп тұр. Татмедиа агенттігінің құрамында газет, радио, телевидение жұмыс істеп тұр. Мәселен мәтін күйіндегі газеттер мен сайттардың бәрі де агенттік құрамындағы газетті кешенге (оған 80-ге тарта газет кіреді) кіреді. Одан бөлек Татарстан 24 арнасы – қалалар мен аудандардағы барлық телеарналардың желісін қосып тұр. Тағы бір желі – татар тіліндегі радиолардың бәрі де бір желіге біріктірілген. Одан бөлек біз агенттіктің әртүрлі әлеуметтік желілеріндегі топтарын (300-ге тарта) бір басқару орталығына біріктірдік», - деді Шәміл Садықов Ли Astana Media Week 2020 шарасының «Мультиплатформалық» пленарлық сессиясында.

Шәміл Садықовтың айтуынша қазіргі уақытта дәстүрлі БАҚ, оның ішінде телевидение, газет, радио өзінің әлеуметтік желілердегі өкілдіктері бар болғанда ғана өмір сүру құқығына ие болады.

«Бұл – дәстүрлі БАҚ-тың алдындағы басты тегеурін. Татарстанда біз жалпы әрі негізгі қағидат осы екеніне көз жеткізіп отырмыз. Дәстүрлі БАҚ жария еткен кез келген материал әлеуметтік желіге таратылуы керек», - деді ол.

Айта кетсек елорадада Astana Media Week 2020 шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту мен индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты аймақтық және халықаралық деңгейде ілгерілету. Медиа апталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап келеді және өзекті тақырыптар талқыланады.

Фото: tatar-inform.ru


Соңғы жаңалықтар