Тауар таңбаларын тіркеу мен қорғауда қандай өзгеріс болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шартта Еуразиялық экономикалық одағының тауар белгілеріне және тауарлары шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғауды беру тәртібі, өтінім берушілер мен құқық иеленушілердің құқықтары, сондай-ақ тиісті өтінімдерді қарау кезінде ұлттық патенттік ведомстволардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі көзделген. Осы Заң жобасының мақсаты - тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу мен қорғаудың өңірлік жүйесін құру.

«Көрсетілген объектілерді тіркеудің өңірлік жүйесін енгізу Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V Заңымен ратификацияланған). Бұл жүйенің артықшылығы бір қорғау құжатын бес мемлекеттің аумағында бір уақытта алу мүмкіндігі болып отыр. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты тиісті қорғауды алу үшін ең маңызды факторлардың бірі берілген өтінімнің басымдық күні болып саналады. Бұл жүйе бір өтінім беру арқылы бес мемлекетте бір басымдық күнін белгілеуге мүмкіндік береді», - деді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Оның айтуынша, шартты ратификациялау ұлттық тауар белгілері иелерінің құқықтарын шектемейді, сонымен бірге еуразиялық нарыққа бағдарланған отандық тауар өндірушілердің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар