Тауарды цифрлық таңбалау Қазақстанда 900 млрд теңгеден асатын қосымша өткізу нарығын қалыптастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы ҚР-да тауарларды цифрлық таңбалауды енгізудің әсерлерін есептеді. Осылайша, жоба адал өндірушілер мен импорттаушылар үшін 900 млрд теңгеден астам сомаға тауарларды өткізудің қосымша нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Цифрлық экономиканы дамыту орталығына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, әлемдік тәжірибені талдауға негізделген талдау агенттіктерінің деректері бойынша тауарларды міндетті таңбалауды енгізу тауар нарықтарын ағартудық триггері және тауарлардың «көлеңкелі» айналымын 70-80% - ға қысқартуға мүмкіндік береді.

Осылайша, бірыңғай оператор есептеуді ҚР Статистика комитетінің нарық көлемі бойынша деректері және Euromonitor International халықаралық консалтинг агенттігінің елдегі тауарлардың көлеңкелі айналымы көлемі бойынша деректері, сондай-ақ әртүрлі тауар топтары бойынша пилот жобаларды жүзеге асыру процесінде таңбалауға арналған жабдықтарға шығындар туралы операторлар берген деректер негізінде жүргізілді.

«Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда сүт өнімдері нарығының көлемі 809 млрд теңге, көлеңкелі айналым 17,4% немесе 140 млрд теңгеге бағаланады. Бұл ретте барлық өндірушілердің таңбалауға арналған жабдыққа жұмсалатын жалпы шығындары 6,5 млрд теңге, яғни жыл сайынғы өндіріс көлемінің 1% - ынан аспайды. Контрабанда және контрафак сүт өнімдерінің 80% - ы нарықтан кеткен кезде босатылған тұтыну нарығы 98 млрд теңге, яғни сүт өнімдерінің адал өндірушісі мен импорттаушыларының сату көрсеткіші 10% - ға артады», делінген хабарламада.

Фармацевтика саласында нарық көлемі 1,4 млрд теңгеге тең болды, көлеңкелі айналым - 12,3%, тиісінше жыл сайын 171 млн теңге-ҚР-дағы дәрілік заттардың көлеңкелі нарығы. Нарықтың 80% ағаруы жағдайында заңды өндірушілер мен импорттаушылар үшін жыл сайын 80 млрд теңге сомасына қосымша өткізу нарығы құрылады.

Осылайша, 2018 жылы ЕАЭО елдері қол қойған Data Matrix кодымен тауарлардың әртүрлі топтарын цифрлық таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу туралы келісімде айқындалған тауар топтарына цифрлық таңбалауды енгізумен адал бизнестің түсімі 11,3% - ға ұлғаяды, бұл ретте өндірушілердің тауарларды таңбалауға арналған жабдыққа жұмсалатын біржолғы шығындары жылдық түсім сомасының 0,5-тен 0,9% - ға дейін, таңбалау кодтарына арналған шығындар орташа алғанда тауарлар құнының 0,4% - ы. Демек, тауарларды міндетті таңбалауды енгізу нәтижесінде қазақстандық өндірушілердің кірістерінің артуы жылына 10% - дан асады.

«Цифрлық таңбалауды енгізумен халықтың азық-түлік және азық-түлік емес мақсаттағы тауарларға қажеттілігі қысқармайды, бірақ бұл ретте көлеңкелі айналым, заңсыз нарық қысқармақ, ол бүгінде контрабанда, контрафакт болып табылады. Босатылған нарық адал өндірушілер мен импорттаушыларға кетеді. Бұл нарық 10% болып бағаланады. Демек, заңды түрде жұмыс істейтін бизнестің жыл сайынғы кірісі таңбалауға арналған жабдық шығындарының 1% - ынан аспайды. Бұл олар үшін тиімді. Ал тұтынушылар заңды, шынайы өнімдерді тұтынуда сөзсіз пайда көреді. Бұл ретте заңдылықты Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады», - деп атап өтті цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда темекі өнімдері мен тері бұйымдарын міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. 2021 жылғы 1 қарашада аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануы енгізілетін болады. Дәрілерді цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды, сондай-ақ қазіргі уақытта алкоголь өнімдері, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, сүт өнімдері, қапталған су және алкогольсіз сусындар бойынша пилоттық жобалар іске асырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар