+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Тауары ҚХР-мен шекарада тұрып қалған кәсіпкерлер үшін жедел желі қосылды

2020 жылғы 22 ақпан 01:18
Бөлісіңіз:
Тауары ҚХР-мен шекарада тұрып қалған кәсіпкерлер үшін жедел желі қосылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Қытаймен шекараның жабылуына байланысты қазақстандық бизнесмендер үшін жедел желі ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 284 болды Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 283-ке жетті Коронавирус: Дезинфекциялау жұмыстарына заманауи препараттар қолданылуда

Дағдарысты жағдайларды болдырмау үшін Қытаймен жұмыс істейтін кәсіпкерлер, егер олардың жүгі, тауары немесе шикізаты ҚХР-мен шекарада тұрса, сыртқы сауда палатасына сұраныспен жүгіне алады.

Жедел желі кәсіпкерлердің өтініштерін есепке алу және ден қою, сондай-ақ оларға қажетті көмек көрсету үшін жұмыс істейтін болады. Кәсіпкерлер палатасының call-орталығына 1432 нөмірі бойынша немесе WhatsApp (+7 707 909 0152) нөміріне хабарласуға, сондай-ақ onlinevpk@atameken.kz электрондық поштасына жазуға болады. Жұмыс күндері өтініштерді қабылдау 9:00-ден 19:00-ге дейін жүргізіледі.

Жедел желі сондай-ақ ҚХР-да импорттық-экспорттық операциялар бойынша форс-мажор жағдайларының болу-болмауына байланысты сұрау салулар үшін пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ, кәсіпорындарға көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпорындарының қызметіне коронавирустың әсері туралы мәліметтерді әзірлеуде. Сұраныстарға қатысты нәтижелі жұмыс жасалуы үшін Қарағанды облысының Қәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде өтініште: аты-жөні, компанияның атауы, кәсіпорынның тікелей залал сомасы, кәсіпорын пайдасын және байланыс деректерін көрсетуді сұрайды. Ақпарат мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: e.mahmutov@atameken.kz, байланыс телефоны 8 (7212) 506-411.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT