+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан әкімдігінде мемлекеттік наградалар тапсырылды

2019 жылғы 13 желтоқсан 23:37
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан әкімдігінде мемлекеттік наградалар тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан денсаулық сақтау, білім, көлік, құрылыс саласындағы азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен астаналықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 18 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу СҚО-да түрлі деңгейдегі әкімдердің 600-ден астам есептік кездесуі өтеді СҚО-да облыстық маңыздағы барлық жолдар жабық

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алтай Көлгінов жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің, қаламыздың игілігі жолында атқарып жүрген әрі жауапты, әрі ізгі еңбектеріне алғысын білдірді.

«Біздің елордамыз – тәуелсіздігіміздің символы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елордамыз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін айшықтайтын жарқын қалаға айналды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тәуелсіздік жолын жетістіктермен жалғастырып, жұмыс атқаруымыз керектігін атап өтті. Қаламыздың, еліміздің дамуына әрбір азамат үлес қосып отыр. Елордамыз күні-түні тынбай қар тазалап, еңбек ететін коммуналдық қызметтердің, әрбір үйге жылу жетуі үшін еңбек ететін ЖЭО қызметкерлерінің, адам өмірі үшін әр сәт сайын күресетін дәрігерлердің арқасында өсіп-өркендеп, даму үстінде. Ұстаздар қауымы, құрылысшылар, электрик, сантехниктер, жүргізушілер әрбіріңіздің ерен еңбегіңіз жатыр. Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз, құрметтейміз», - деді елорда әкімі А. Көлгінов.

Жиында «Құрмет» орденімен жоғары санатты дәрігер Қуатбек Ғабдуллин, еңбек ардагері Мұрат Иргибаев, химия ғылымдарының докторы Раушан Сармурзина марапатталды.

Сумен жабдықтау қызметінің слесарі Роберт Рамазанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алды. Арыс қаласын электрмен жабдықтауда қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарына қатысқан марқұм Ермек Тютюбековке «Ерлігі үшін» медалі берілді. Ермек Тютюбеков 2019 жылы 8 тамызда Арыс-Шымкент трассасында болған жол-көлік апаты салдарынан қайтыс болған еді. Үстіміздегі жылдың наурыз айында қалада болған ірі жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге көмек көрсеткен 24 жасар Әлібек Бақдәулет Құрмет грамотасымен марапатталды. Өзі де қоғамдық көлікте жүргізуші болып жұмыс істейтін Әлібек сол күні жолаушылар сапында болған еді.

«Игілікті іс жасау үшін жоғары қызметте отыру міндет емес, «әрбір адам - қоғам үшін пайдалы бола алады» дейді ол.

Сондай-ақ, «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» төсбелгілерімен, алғыс хаттармен мұғалім, дәрігер, жүргізушілер, еңбек ардагерлері марапатталды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT