+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Тәуелсіздік күніне орай Алтай ауданында жаңартылған перзентхана ашылады

2019 жылғы 2 желтоқсан 10:56
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік күніне орай Алтай ауданында жаңартылған перзентхана ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі әкімі Даниал Ахметов Алтай ауданына барған сапарында ауданаралық ауруханаға барып, перзентхананың жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын бақылап қайтты.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда көпбейінді заманауи аурухананың құрылысы басталды 2020 жылы бүкіл ауылдық ауруханалар интернетке қосылады Алматыда қызмет көрсететін медицина ұйымдарынан 224 млн теңгенің кемшіліктері анықталды

Естеріңізге сала кетейік, перзентханаға 2018 жылы заманауи құрылғылар сатып алынып, перзентханадағы 6 дәрігер Лондон клиникаларында оқып келді. Осы жылы 5 қызметкер Литвада білімін толықтырды.

2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаты жасалып, осы жылы «DKProekt» ЖШС компаниясы іске кірісті.


Қазіргі күні перзентхананың екінші және үшінші блогының жөндеу жұмыстары аяқталды. Бірінші блоктың шатыры жабылып, ішкі жұмыстары 70%-ға аяқталған. Ғимараттың алдындағы жұмыстың 90% бітті. Перзентхананың жөндеу жұмыстарын 15 желтоқсан, Тәуелсіздік күні қарсаңында толық бітіру жоспарланып отыр.

«Мұнда біз заманауи құрылғыларды әкелдік. Перзенхананың 11 дәрігері шетелде оқып келді. Келесі жылы ауруханаға кардиологиялық кезеңді толық ұйымдастыратын құрылғы әкелуді жоспарлап отырмыз. Сол себепті, мұндағы жөндеу жұмыстарының сапасы лайықты дәрежеде болғанын қалаймын», - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Содан кейін ол «Горняк» Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.


«Осы күні біз Көшбасшымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мақтанышпен айтамыз, оың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемелекет болып, таңқаларлық жетістіктерге жетті. Елбасы білімді саясаткер және жаһандық оқиғалардың медиаторы ретінде әлем тарихына енді, ол өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті», - деді аймақ басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT