«Тәуелсіздік ұрпағы» грантының иегерлері белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңімпаздарға табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бес бағыт бойынша берілді.

Атап айтқанда, «ғылым» бағыты бойынша:

Смаилов Кенжеғали Маманұлы - «Satbayev University» коммерциялық емес акционнерлік қоғамы жанындағы «Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының кіші ғылыми қызметкері;

Машуров Фарух Аркинович - Сүлеймен Демирел университетінің аға оқытушысы;

Оразбек Арсен Аленұлы - «Nazarbayev University» дербес білім беру ұйымының 3 курс студенті;

Ивлев Антон Александрович - «1С-РЕЙТИНГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламашысы;

Дәулешияр Бақытәлі - Алматы облысы, Жамбыл ауданының Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі;

Пірманова Күнсұлу Қамбарбекқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері;

«Мәдениет» бағыты бойынша:

Токсанбаев Саят Тұрсынұлы - «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» аруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» қызметкері;

Әкім Думан Нұрлыбекұлы - «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі колледжінің оқытушы;

Каливошкина Дарья Владимировна - Семей қаласының облыстық тарихи -өлкетану мұражайының қызметкері;

Жұбаныш Руслан Жанбырбайұлы - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманы;

Нұрланқызы Әзиза - Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының М.Әбдіхалықов атындағы мектеп–гимназиясының оқушысы;

«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша:

Жақажанова Гауһар Серахметқызы - «Nazarbayev University» дербес білім беру ұйымының магистрі;

Мұса Ақбота Жанатқызы - «BilimBer» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы;

Шихов Рузи Турсунмуратович - «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның эпидемиолог-дәрігері;

Ермек Марғұлан Мұратұлы - «Essentail Technologies LLC» азық-түлік менеджері;

Жанұзақ Нұрболат Бауыржанұлы - М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің 4 курс студенті;

«Бизнес» бағыты бойынша:

Бейсенов Эздар Серікұлы - «Қостанай политехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорның 2 курс студенті;

Ибраев Әлишер Серікболұлы - «Диқан» сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері;

Наумова Динара Рустамқызы - мотивациялық спикер, әлеуметтік жоба жетекшісі;

Дүйсени Жасұлан Мұратұлы - «DUISENI» жеке кәсіпкері;

Рзаев Азиз Хожагаевич - «Хожагаевич» жеке кәсіпкері;

Кажимова Айдана Жасқайратқызы - Батыс Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің оқытушысы;

Тынышбек Әлиасқар Сайранұлы -«Turan University» 2 курс студенті, «Endorphin» агенттігінде сандық маркетологі;

Ким Вячеслав Владимирович - «Kim Labs» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

Қалдыбай Рухия Бердібекқызы - «Мәңгілік ел Маңғыстау» қоғамдық қорының директоры;

«Медиа» бағыты бойынша:

Намурадин Айсана Қанатқызы - Қызылорда облысы, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің мұғалімі;

Савицкий Юлиан Демьянович - «Akmola media» продюсерлік орталығының директоры;

Әлиева Жансая Айсауытқызы - «Симметрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің редакторы;

Өмірбеков Нұрсәт Өміржанұлы - Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;

Айдарханов Әлиғазы Мирхатұлы - «Hi School» - онлайн білім беру орталығының жетекшісі.


Соңғы жаңалықтар