Тәуелсіздік жылдарында 4,5 мың полицей жарақат алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 жыл ішінде Қазақстанда 800-ден астам полицей қаза тапты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде 815 қызметкер қаза тауып, 4593 қызметкер жарақат алған», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

23 маусым күні қазақстандық полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті. Ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наградалар мен грамоталарды табыстады

«Министрдің бұйрығымен ішкі істер органдарының 1200-ден астам қызметкері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 60-қа жуық ардагері жанқиярлығы мен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін марапатталды», - деді Ш. Тұрлыбек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.



Соңғы жаңалықтар