Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ақмолалық жас тарихшылар мен өлкетанушылар бас қосты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мектеп оқушыларының қатысуымен онлайн форматта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар» форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыларды туған елінің тарихын зерттеуге тарту, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін кеңейту мақсатында өткізілген форумға облыстың 19 ауданы мен қаласынан 60-қа жуық оқушы қатысты.

Қатысушылар «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы« және «Менің туған өлкем« эссе байқауы сияқты үш жоба бойынша жобаларын таныстырды. Оқушыларды бағалау кезінде қазылар алқасының мүшелері тақырыптың толық ашылуына, идеяның бірегейлігіне, көркемдік шеберлігіне, техникалық және сапалы орындалуына назар аударды.

«Форум өте танымды өтті. Барлық қатысушылар Туған өлке тарихы, өлкетану және археология бойынша қызықты жобаларды ұсынды. Осындай іс-шараға қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», - деді Көкшетау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінің 11-ші сынып оқушысы Милана Подвительская.

Форум соңында осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды. Байқау жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар