+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда «30 игі іс» марафоны басталды

2021 жылғы 3 наурыз 03:10
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда «30 игі іс» марафоны басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ғалымдарының әрбір 5-ші жарияланымы әлемнің үздік ғылыми журналдарында жарық көреді Тәуелсіздікке 30 жыл: Әлемнің үздік университеттері қатарына қанша қазақстандық білім ордасы кірді Тәуелсіздікке 30 жыл: Ғылым саласында қандай өзгерістер болды

Іс-шарада қатысқан Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды қайырымдылық марафонына атсалысуға шақырды.

«Өткен жыл күллі әлем үшін де, еліміз үшін де күрделі сынақтарға толы болды. Елімізде жарияланған төтенше жағдай, карантиндік шектеу кезінде атыраулықтар да қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олардың арасында компаниялаар, медицина мен әлеуметтік сала қызметкерлері, құқық қорғау органының өкілдері, еріктілер, меценаттар, сондай-ақ, мұғалімдер бар. Қайырымдылық марафонына да сондай белсенділік танытуға шақырамын» -деді Мхамбет Досмұхамбетов.

Қайырымдылық марафонында Атырау қаласы мен аудандарда жергілікті кәсіпкерлер арқылы аз қамтылған 700 отбасыны жылдық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін алғашқы сертификаттар табыс етілді. Ал ондаған жыл бір бөмелі үйде тұрып келген жеті балалы отбасыға Атырау қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілті берілді.

Сондй-ақ, «Атырау облысының іскер әйелдері» қауымдастығының төрайымы Гүлжан Мұхатаева екі жасөспірімнің еміне және мүмкіндігі шектеулі медицина қызметкеріне қаржылай сертификаттар табыстады. Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы облыстық балалар ауруханасында онкологиялық сырқатпен емделетін балалар үшін 5 дана планшет табыс етті.

Еске сала кетелік бұдан бұрын Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық акциясы басталған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT