+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ШҚО-да жыл соңына дейін 40-тан астам нысан ашылмақ

2021 жылғы 27 шілде 14:51
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ШҚО-да жыл соңына дейін 40-тан астам нысан ашылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 40-тан астам нысан салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық оқушылар Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктермен танысты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түркітілдес елдермен телекөпір ұйымдастыру ұсынылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Шығыс Қазақстанның 653 мектебінде ашық сабақ өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудегі маңызды бағыттардың бірі - өндіріс орындарын ашу және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру. ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

- Жыл басынан бері Өскеменде 120 және 250 орындық екі балабақша пайдалануға берілді. Семейде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін еліміздегі алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды. Елорда күніне орай өңірде 10 әлеуметтік маңызы бар нысан бой көтерген. Оның ішінде Семейдегі перинаталдық орталықтың үшінші перзентханасы, Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы 128 орындық балабақша мен спорт модулі бар, - деді ол.

Ұлан, Зайсан, Жарма ауданындағы ауыл тұрғындары жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттерін алып, қоныс тойын тойлады. Құрылыс қарқынының артуының арқасында өрт кезінде зардап шеккен Риддер тұрғындарының бір бөлігі жаңадан салынған үйлердің кілттерін алды.

Азамат Мұхамедчинов жыл соңына дейін 47 әлеуметтік нысанды, оның ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын атап өтті.

- Сондай-ақ Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының екінші кезеңін іске қосу да маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы ең ірі инвестициялық жоба, - деді облыс әкімінің орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT