Таза Қазақстан: Ақтөбеде 1 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде су жағасында өткізілген рейд барысында 1 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауын дамытуға, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғаларға экологиялық заңнаманы түсіндіру және қоршаған ортаға зиян келтірудің жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр. 25 шілдеден 14 тамызға дейін су жағасында 250-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Барлығы 984 құқықбұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде 4 қылмыстық және 943 әкімшілік іс қозғалды.

«Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Қылмыстық кодеккстің «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кетуге жақын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолдану» бабы бойынша екі қылмыс ашылды. Полиция жалпы су пайдалану ережесін бұзғаны үшін 326 бұзушылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішудің 156, абаттандыру ережелерін бұзудың 321 дерегін, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл желектерді жою және сындыру фактісін анықталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, ақтөбелік полиция қызметкерлері киіктерді атып, олардың мүйізін сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады. Күдіктілер жойылып бара жатқан жануарлардың 70 басын атып алған. Арнайы қабылданған шаралар нәтижесінде облыстық ПД қызметкерлері бұрын сотталған 4 адамды ұстады.


Соңғы жаңалықтар