Тәжік-Ауған учаскесінде болған әскерилерге анықтама Шекара қызметінің мұрағатынан беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжік-Ауған учаскесінде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан азаматтар мұрағаттық анықтаманы Шекара қызметінің мұрағатынан беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының №322-VI «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес, Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД-ның шекарасын күшейтуіне қатысқан Қазақстан Республикасының
әскери қызметшілері, басқа елдер аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер санатына қосылған.

«Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшілері жауынгерлік
іс-қимылдарға қатысқанын растау анықтамаларын алу қажеттілігін ескере отырып, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мұрағатына өздігінен өтініш білдіріп Алматы қаласында Наурызбай батыр көшесіндегі 77-үйге хабарласуына болады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, таяуда Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» заңға қол қойған болатын.

Заң жобасының негізгі мақсаты – ардагерлерді әлеуметтік қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерді жүйелеу, қайта қарау және ардагерлердің жаңа санаттарын қалыптастыру. Негізгі жаңа өзгерістер әлеуметтік төлемдерге қатысты болып отыр.



Соңғы жаңалықтар