Тәжікстанда 200 адамнан тұратын террористер тобы әскерилерге шабуыл жасады

None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы терроризмге қарсы бөлімше қызметкерлерінің колоннасына қылмыстық топтың шабуыл жасауы салдарынан бір офицер қаза тапты, тағы 13 әскери қызметші жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 200 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы Рушан ауданының орталығында қарудың барлық түрін қолданып, Душанбе-Хорог тас жолы мен шекара комендатурасына баратын жолды жауып тастаған.

«Молотов коктейльдері» содырлары Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лаңкестікке қарсы бөлімшесінің көліктер кортежін өртеп жіберді.

Шабуыл салдарынан бір офицер қаза тауып, 13 әскери қызметкер ауыр жарақат алды.

«Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында елдің құқық қорғау органдары лаңкестікке қарсы операцияны бастады. Нәтижесінде 8 содыр залалсыздандырылды, 11-і жараланды және лаңкестік топтың 70-тен астам белсенді мүшесі ұсталды», - деп хабарлады ІІМ.

Ведомство бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер болмағанын мәлім етті.

Қазіргі таңда ауданда жағдай тұрақты, әлеуметтік инфрақұрылым мен қоғамдық көліктер қалыпты жұмысына оралған.


Соңғы жаңалықтар