Тәжікстанда Наурыз алдындағы апта ата-баба рухына арналады

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Тәжікстанда Наурыз алдында Сада мерекесі тойланады. Ол Наурызға дейін тура 50 күн 50 түн бұрын аталып өтеді.

Тәжікстанда Наурызға бүкіл отбасы мүшелері «хафт-син» деп аталатын мерекелік дастархан басында жиналады.

Оның үстінде тазалық, нұр, молшылық, бақыт пен табысты білдіретін сиқырлы заттар мен тамақтар тұруы болуы керек.

Дәстүр бойынша, дастарханға «син» әрпінен басталатын жеті тағам қойылады: рута дәндері – сипанд, алма – себ, қара дәнектер – сиёхдона, жабайы зәйтүн – санджид, сірке суы – сирко, сарымсақ – сир және өсірілген дән – сабзе.

Наурызға қой еті, балық, тауық еті және жұмыртқадан тамақтар әзірленеді, оларға дәмдеуіштер мен көкөніс қосылады.

Сонымен қатар мерекеге арнайы жайылған дастарханда міндетті түрде сумаляк тәттісі (уытты халуа) болуы керек.

Ол бидай дәндерінің шырынына қант пен ұн қосылып дайындалады. Үстелге отбасы мүшелерінің санына сәйкес айна мен шам қойылады.

Шамдарды соңына дейін жанып бітпейінше өшіруге болмайды. Дастарханға міндетті түрде үйде пісірілген нан, жаңғақтар, бадам, сүт, ірімшік, балық, жасылға боялған жұмыртқа, раушан суы, жасыл жапырақ қосылған су қойылады.

Наурызға келген қонақтарға үй иесі шала піскен дәндер қосылған тағам ұсынады, ол тіршіліктің қайта жандануын білдіреді.

Наурыз алдындағы апта ата-баба рухына арналады. Адамдар олардан келер жылға көмек және қолдау сұрайды. Жаңа жыл алдында тазарту жоралғысы жасалынады.

Мереке алдындағы соңғы сәрсенбі күні қалалар мен ауылдар көшелерінде от жағылып, адамдар жеті оттан секіруі керек. Бұл күн «қуаныш сәрсенбісі» деп аталады.

Наурыз алдындағы түні адамдар бір-біріне су шашып, өткен жылы жасалған күнәлардан бойын тазарту үшін ағын судан секіретін болған.

Тәжікстанда қонақтарды «Навруз муборак бод», «Наврузатон пируз бод» («Наурыз мерекесі құтты болсын!») деген сөздермен қарсы алады.

Наурызға сыйлықтар жасалды. Тәжікстанда бір ауланың балалары таңертең ерте жиналып, көршілерін құттықтап, тәтті мен бәліштер алады.

Тәжікстанда Наурыз кезінде міндетті түрде дәстүрлі ойындар, бәйге, ойын-сауық ұйымдастырылады.

Мысалы, мереке күндері бузкаши ойыны жиі ойнатылады, ол – тәжік ұлттық спорттық ойыны.

Онда жүздеген шабандоз бір ешкіні қолына түсіру мақсатында жоғары жылдамдықпен жарысады.

Гуштингири – Тәжікстанның ұлттық күресі, ұлттық мерекелер бағдарламасына қосылған. Бұл – Тәжікстандағы ең танымал спорт түрлерінің бірі.

Мұнда күрес кезінде қарсыластың белге дейін киімін сыпырып алуға болады. Жеңіске жету үшін қарсылас жерге арқасымен құлауы керек.

Сонымен қатар Наурызда көшеде көріністер қойылады, Иранда Банд Бази циркі өнер көрсетеді, Ауғанстанда Буз Каши спорт шарасы өтеді.

Онда шабандоздар ойынға бауыздалған ешкіні қолданады.

Наурыз – Шығыс халықтарының алты мың жылдық тарихы бар көне мерекесі. Ол жаңа жылдың басталғанын, табиғаттың оянып, адамның рухани тазарғанын білдіреді.

Фото: НИАТ Ховар


Соңғы жаңалықтар