Текелі қаласына санитарлық бекет қойылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласына 30 қарашадан бастап санитарлық бекет қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Текелі қаласының Бас санитария дәрігерінің 26 қарашада шыққан №249 қаулысында көрсетілген.

Санитарлық бекетте полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қалаға кіріп-шыққандардың дене қызуын өлшеп, анкета толтырады.

Текелі қаласында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелген. Қыркүйек айынан бастап бұл көрсеткіш 23 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылына блокпост қойылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде Шонжы ауылының 21 тұрғынынан вирус анықталды. Олармен қарым-қатынаста болғандар үйінде карантинде отырады.



Соңғы жаңалықтар